Мәжіліс ғылым және технологиялық саясат жөніндегі заңды қабылдады

Мәжіліс ғылым және технологиялық саясат жөніндегі заңды қабылдады

Қазақстан ғылымына жеке капиталын құйған инвесторларға түрлі салықтық жеңілдіктер беріледі. Мәжіліс отандық зерттеу ісін дамытуды көздейтін заң мен оған ілеспе құжатты қабылдады. Ол ғылым және технологиялық бағытта мемлекеттік саясаттың құқықтық негіздерін жетілдіруді қамтиды. Сондай-ақ құжатта саланы басқару моделін жетілдіру, Ғылым академиясының құқықтық мәртебесін айқындау және Ғылым қорының қызметін реттеуге қатысты тиісті  нормалар да  айқындалған. Депутаттармен саланы қаржыландыру тетіктерін бекіту жағы да ескерілген.  

Таңсауле Серіков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-Заң жобаларымен жұмыс барысында депутаттар келесідей түзетулер енгізілді. Зерттеу университеті мәртебесін беру тәртібін реттеу, зерттеу университетінің жанынан ғылыми орталықтар ашу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындау үшін жұмсалған қаражаттың 100% салық шегеріміне жатқызу ұсынылады. Жеке компаниялар үшін тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалған шығыстар бойынша салық салынатын сомасын 50% азайту ұсынылады.