Шығыс Қазақстан облысындағы Қатонқарағай ауданының туристік әлеуеті Берлинде өткен халықаралық көрмеде жоғары бағаға ие болды. Ол еліміздегі басты туристік бағыттардың бірі екенін атап өткен жөн.
Жергілікті әкімдік мәліметінше, соңғы жылдары жергілікті жердің тұмса табиғатын тамашалауға 100 мыңнан астам қонақ келеді. Бір ғана Берел қорымына жылына 10 мыңға жуық адам келеді.
Сонымен қатар, ауыл туризмі де қарқынды дамып келеді. Барлығы паркте алыстығы, ұзақтығы және көлік түрлеріне байланысты 14 бағыт қалыптасқан. Оның барлығына дерлік сұраныс жоғары. Осыған байланысты мамандар тағы бірнеше бағытты ұйымдастыруды қолға алып, қызу жұмыс істеуде.
Тағы бір ескере кетер жайт, қонақ үйлер мен демалыс үйлері, жергілікті көрнекі жерлер туралы және өзге мәліметтің барлығын бір жерден алуға болады. Ақпарат орталығы Үлкен Нарын елді-мекенінде орналасқан.
Айта кетсек, Қатонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне еніп, Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының басты экоаймақтарының бірі болып табылады.