Биыл Еуропа, Азия және Таяу Шығыс елдеріне 19 жаңа әуе бағытын ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында Көлік министрі Марат Қарабаев айтты. Достық – Мойынты, Алматы айналма теміржолы, Дарбаза – Мақтаарал, Аягөз – Бақты және Қызылжар – Мойынты секілді 5 ірі теміржол жобасы жүзеге асырылып жатыр. Мемлекет басшысы Орталық – Батыс автожолының құрылысын жеделдету, Батыс Еуропа – Батыс Қытай дәлізін кеңейту, Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту, көлік секторына инвестиция тарту жұмысын күшейту жөнінде тапсырма берді.
Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі:
- «Транскаспий көліктік дәлізіне көңіл бөлінді. Онда былтырғы жылдың қорытындысы бойынша, 62 пайыз өсім. «Авияция саласына тоқталатын болақ, ең басты мәселе – былтыр 3 әуе жай жеке инвестиция есебінен толығымен жаңғыртудан өтті. Ал, биыл тағы 4 әуежайдың құрылысы жоспарланып отыр. Темір жол саласында 125 вокзалды толығымен биыл қата жөндеуден өткізу жоспарлау туралы баяндама жасадым. 00.43
Қасым-жомарт Тоқаев Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы
Асхат Жұмағалиды да қабылдады. Жыл басынан мемлекет пайдасына 15 млрд теңге өтелгені айтылды. Президентке
Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
жөніндегі мемлекеттер тобымен серіктестік жайында ақпарат берілді. Агенттік биыл
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдар қауымдастығының Атқару комитеті
құрамына кірді.

