Президент Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасын қабылдады. Әлихан Байменов мемлекеттік басқару саласының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жергілікті атқарушы биліктің құзыретін кеңейту мәселелері жөнінде ой-пікірін жеткізді. Мемлекет басшысы Астана мемлекеттік қызмет хабы елімізде жүргізіліп жатқан реформаларға тұрақты сараптамалық қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев айтылған ұсыныстар бойынша тиісті мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс істеуді тапсырды.
Авторы: Әсел Күшенғалиева

