Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Хань
Чуньлинді қабылдады. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевтың Аспан асты еліне жасайтын алдағы сапарына дайындық
мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, Тяньцзинде өтетін Шанхай ынтымақтастық
ұйымының саммитіне және «ШЫҰ плюс» отырысына қатысу бағдарламасы пысықталды.
Қазақстан Президенті еліміздің Қытаймен жан-жақты стратегиялық серіктестікті
тереңдетуге баса мән беретінін атап өтті. Мемлекет басшысы Саммит Ұйым
тарихының жаңа кезеңіне жол ашып, өңірлік байланыстарды дамытуға ықпал ететініне
сенім білдірді. Өз кезегінде елші бұл іс- шаралар қазақ-қытай қарым-қатынасын барлық салада
нығайтуға тың серпін беретін жеткізді. Сонымен қатар, тараптар өзара сауда-экономикалық,
инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты дамыту әлеуетін
талқылады.

