Қазақстанда «Атлетико Мадрид» футбол академиясын ашу
жобасы Президентке таныстырылды.
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев «Атлетико Мадрид» футбол клубының президенті
Энрике Сересо Торресті қабылдады. Мемлекет
басшысының айтуынша, Қазақстанда футболды дамытуға айрықша назар аударылады. Қазір еліміздегі спорт мектептерінде,
футбол секцияларында 40 мыңға жуық бала жаттығады. «Атлетико Мадрид» футбол
академиясы Алматы облысындағы «Akbulak»
олимпиада орталығының базасында құрылмақ. Кездесу
соңында Энрике Сересо Торрес Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Атлетико Мадрид»
ойыншыларының қолтаңбасы қойылған жейде сыйлады.