Мемлекет
басшысы Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс даңқы залына ресми түрде
жазылуымен құттықтады. Бұл туралы
Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаев, бұл тарихи
уақиға аты аңызға айналған отандасымыздың жаһандық спорттағы қолтаңбасы айрықша
маңызға ие екенін айғақтайтынын атап өтті.
Мемлекет басшысының пікірінше, Геннадий Головкин – еліміздің мақтанышы әрі
халықаралық спорт қоғамдастығындағы елшісі. Президент дүние жүзіндегі ең үздік
боксшылардың бірінен үлгі алған жас спортшыларымыз жігерленіп, биік белестерді
бағындыра беретініне сенім білдірді.

