Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдері нарығында кеңейгісі келетін инновациялық жобалар мен бизнестің барлық түрлерін ілгерілету мақсатында, Эр-Риядта қазақстандық инновациялық хаб ашылды.
Осылайша, көрнекті философтың есімі берілген Al-Farabi Innovation Hub Сауд Арабиясына дарынды кәсіпкерлер мен отандық инновациялық стартаптарды тартады деп күтілуде.
Сонымен қатар, стартапшылар инкубация және акселерация бағдарламаларынан өтуге, әрі түрлі сарапшылар мен табысты кәсіпкерлермен сауда-саттық жасауға мүмкіндік алады. Одан бөлек «Tumar» венчурлік қорынан бастапқы инвестицияларды ұсынады.
Салалық ведомствоның хабарлауынша, Al-Farabi Innovation Hub 5 жыл ішінде стартаптарға кем дегенде АҚШ валютасында 300 миллион тартуға және 1 миллиардтан астам қызметті экспорттауға ниетті.