Қазақстанда 30 жыл ішінде конституциялық реформалар Парламент жұмысын жандандырып,
сайлаушылармен жаңа диалог орнатуға жол ашты. Ең ауқымды өзгерістер үш жыл
бұрын орын алды. Ол кезде төменгі палатаға 30% квота кеңейтілді. Мәжіліс
әйелдер мен жастардан басқа мүгедектігі бар адамдармен да толыға түсті. Бұдан
басқа, түзетулермен аралас сайлау жүйесі енгізілді. Депутаттардың 70% партиялық
тізімдер, ал 30% бір мандатты округтер бойынша сайланады. Оның үстіне, егер
халықтың өзін-өзі ұсынған жанның жұмысына көңілі толмаған жағдайда, оның
мандатын қайтарып алу құқығы берілді. Сарапшылар мұндай жүйе халық қалаулыларын
сайлаушылардың сұрауларына мұқият болуға міндеттейтініне сенімді. Қазір
Мәжілісте 6 партия тіркелген.
Динара
Наумова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Меніңше, реформалар парламенттің жұмысына серпін берді.
Бұл шешім қабылдау үрдісін жандандырды. Біз кез-келген мәселені жұмыс
топтарында талқылаймыз. Оларда оның шешіміне қатысты түрлі көзқарастағы пікірлер
айтылады.

