Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті. Қазақстан
Президенті Премьер-министр Никол Пашинянды Вашингтонда Армения мен Әзербайжан
арасында бейбітшілік орнату туралы декларацияға қол қойылуымен құттықтады. Декларация
Оңтүстік Кавказдағы ауқымды халықаралық ынтымақтастыққа, сондай-ақ Қазақстан
мен Армения арасындағы анағұрлым қарқынды экономикалық және инвестициялық
ықпалдастыққа жол ашады. Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Премьер-министрінің жыл
соңына жоспарланған ресми сапарына Астана әзірлік жұмыстарын бастап кеткенін
мәлімдеді. Өз кезегінде, Никол Пашинян Қазақстанның Армения мен Әзербайжанды
татуластыруға қосқан үлесін оң бағалады.

