Орталық Азия елдері Абу-Дабидегі халықаралық аңшылық және ат спорты көрмесіне қатысуда

Абу-Дабиде ХХ халықаралық аңшылық және ат спорты көрмесі өтіп жатыр. Ауқымды дәстүрлі шара 11 астам санатты қамтиды. Атап айтсақ, асылтұқымды жануарлар көрмесі, балық аулау, сұңқарды аңға салу, қолөнер бұйымдары мен түрлі қару-жарақ түрлері ұсынылған кеңістіктер, сондай-ақ, саятшылық құру тақырыбындағы сарапшылық конференциялар мен спорттық жарыстар ұйымдастырылады.

ADIHEX (адихэкс) – аңшылық пен ат спортын жаңғыртып, дәстүрлі мұраны сақтап қана қоймай, дамытуды көздейтін іса ірі көрме. Дәстүрлі шара биыл әлемнің 65 елінен 1 200 астам компания өкілдерінің басын қосты. Жиынға Орталық Азия аймағының сарапшылары да қатысуда. Бірегей алаңда халықаралық және аймақтық брендтер мен компаниялар жүздесіп, өзара әрекеттесіп қана қоймай, ұзақмерзімді берік іскерлік қарым-қатынастар орнатады. Мұнда әдеттегідей жылқы мен жануарлар әлеміне арналған инновациялар, озық технологиялар мен тың жаңалықтар тоғысқан. Арнайы кемпингтер мен саятшылық құруға қажетті жабдықтар, дәстүрлі және заманауи аң аулау құралдары ұсынылды.  Сондай-ақ, биыл көрме тарихында алғаш рет аукцион өткізіледі. Олардың бірі – сәндік-қолданбалы өнер туындылары. Жалпы келушілерді 200-ден астам іс-шара күтеді. Дәстүрлі мұра, өнер және мәдениетке арналған байқаулар өтеді. Айта кетейік, Абу-Дабидегі ХХ халықаралық аңшылық және Ат спорты көрмесі 8 қыркүйекке дейін жалғасады.