Ел Үкіметі келесі жылы 26 заң жобасын әзірлеуді жоспарлап отыр. Оның 16-сы Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмаларды орындауға қатысты. 2022 жылдың алғашқы жартысында 7, ал кейінгі алты айында 19 заң жобасын әзірлеу көзделген. Атап айтсақ, «ҚР Әлеуметтік кодексі», жергілікті өзін-өзі басқару, кәсіптік біліктіліктер, агломерацияларды дамыту, жылу энергетикасы туралы және тағы басқа заң жобалары құрылады. Биыл министрлер кабинетінен 25 жаңа заң жобасы шыққан. Олардың бесеуіне Мемлекет басшысы қол қойса, біреуін Парламент қабылдады, 18-і депутаттардың қарауында жатыр. Жыл соңына дейін тағы біреуі халық қалаулыларының талқылауына тапсырылады.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов