Мемлекет басшысы АӨСШК бас хатшысы Қайрат Сарыбайды қабылдады

Мемлекет басшысы АӨСШК бас хатшысы Қайрат Сарыбайды қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанның Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске төрағалығы аясында ұсынған бастамалары мен басымдықтарының жүзеге асырылу барысы жөнінде мәлімет берілді. Қайрат Сарыбай форумды институционалдық тұрғыдан нығайту тұрғысында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты. Мемлекет басшысы Кеңесті халықаралық ұйымға айналдыру жолында Қазақстан айтарлықтай белсенділік танытып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ президент ұйымның  географиясы мен сыртқы байланыстарын кеңейту мәселесіне назар аударды.