Қазақстан Президентінің БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын
құру жөніндегі бастамасы - уақтылы және көреген. Бұл бастаманы сарапшылар мен
халықаралық қаржы институттарының өкілдері де құптайды. Атап айтқанда,
Дүниежүзілік банк тобының қоршаған орта мәселелері жөніндегі директоры Валери
Хики Астанада өткен Өңірлік экологиялық саммитте Қазақстан климаттық
сын-қатерлерге қажетті шешімдерді трансформациялап, көшбасшылық танытуда деді.
Мұндай тәсіл тек Орталық Азия үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін маңызды. Қазіргі жағдайда
БҰҰ бағалауы бойынша 2030 жылға қарай тұщы суға әлемдік сұраныс қол жетімді
ресурстан 40%-ке асып түседі, Сондықтан жаһандық диалог пен бірлескен шешімдер табу
үшін мұндай алаң аса өзекті.
Валери Хикки, Дүниежүзілік банк тобының Қоршаған орта
мәселелері жөніндегі директоры:
- Су − біздің ортақ ресурсымыз. Біз өзендер, жер жүзі, мұхиттар туралы айтып отырмыз және мұндай мәселелер бір елдің шекарасымен шектелмейді. Сондықтан бұл мәселеде бірлескен басқару тетігін құру маңызды. Қазақстан дәл осы мәселеге назар аударуды ұсынады. Біз Өңірлік экологиялық саммит аясындағы диалогтың нәтижелерін және осы бастамалардың одан әрі дамуын мұқият бақылаймыз.

