Мемлекет
басшысы Ақтөбе облысына барды. Қасым-Жомарт Тоқаев Кеңес Одағының Батыры Әлия
Молдағұлованың мемориалдық ескерткіш кешеніне гүл шоғын қойды. Рухына бір минут
үнсіздікпен тағзым етті. Биыл қазақтың қайсар қызының туғанына 100 жыл толып
отыр. Президент батыр ескерткіші жанында жергілікті жұртшылықпен
әңгімелесті. Жүздесу барысында қазіргі алмағайып
заманда бірлік пен татулықты сақтау өте маңызды екеніне
назар аударды. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Ақтөбеде XI
«Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысады.
Қасым-Жомарт
Тоқаев, Қазақстан
Республикасының Президенті:
- Әлия
Молдағұлова – халқымыздың қайсар қызы. Ол кісінің 100 жылдығына орай мен арнайы
келіп отырмын. Ең алдымен - азаматтық борышым. Тағзым ету үшін келіп отырмын.
Баршаңызға көп рақмет. Әлияның есімін халқымыздың арасында, шетелде кең ауқымда
дәріптеуіміз керек. Әлия Молдағұлова нағыз қайсар қыз. Біздің мақтанышымыз.
Сондықтан оның есімі біздің жадымызда мәңгі сақталады.

