Қазақстанда креативті индустрияны қолдау артады

Қазақстанда креативті индустрияны қолдау артады

Қазақстанда креативті индустрияға қолдау артады. Мәжіліс депутаттары саланы дамытуға бағытталған заң жобасын екінші оқылымда қабылдады. Құжат Сенат қарауына жолданды. Заң жобасы креативті жобаларды жүзеге асыру тәртібін реттеуге және жүйелі мемлекеттік қолдау көрсетуге бағытталған. Жаңа нормамен жұмыс аясында депутаттар мәдениет, жастар саясаты және кинематография туралы заңдарға түзету енгізді. Құжатта жас өнерпаздарды қолдау, ұлттық киноны қаржыландыру тетіктері нақтыланған. Мәдениет және ақпарат министрлігіне жеке инвестиция мониторингін жүргізу құзыреті бекітіліп, әкімдіктерге креативті саладағы кәсіпкерлікті дамыту және таланттарды қолдау міндеттелді. Сондай-ақ, бұқаралық іс-шараларды және кинопрокат тәртібін реттеу күшейтілді. Заң креативті бизнестің өсуіне ашықтық ұсынады және саланың ел экономикасына қосар үлесін арттырады деп күтілуде.

Нұргүл Тау, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Заң жобасы креативті қызметті жүзеге асыру тәртібін реттеуге бағытталған. Оған сәйкес «Креативті индустрия қызметкері» және «креативті индустрия субъектілерінің тізілімі» ұғымдарына анықтамалар енгізілді. Сонымен қатар, Мәдениет және ақпарат министрлігінің креативті индустриялар саласындағы жобаларға жеке инвестицияларды тарту мониторингін жүргізу құзыреті белгіленді. Әкімдіктерге саласындағы кәсіпкерлікті дамыту арқылы әлеуетті ашу және таланттарды дамыту үшін жағдай жасау құзыреті беріледі. Сонымен қатар, креативті индустрия қызметкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі нормалар көзделген.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?