Ақтау теңіз сауда
портының әлеуеті артып келеді. Су айлағы контейнерлерді ауыстырып, тиеу бойынша қаңтар-мамыр айларында рекордтық көрсеткішке қол
жеткізді. Портта 15
мыңнан астам контейнер ауыстырылып тиелген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен
салыстырғанда 50% көп. Контейнерлік тасымал Қытай халық республикасынан Еуропа
елдеріне Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша 2 есеге өскен.
Әнуар Немышов, «Ақтау теңіз сауда порты» ҰҚ» АҚ Коммерциялық бөлімнің басшысы:
-Бұндай рекордтық көрсеткіш Ақтау
теңіз сауда портында бұрын соңды болмаған.
Мәселен, былтыр бір жылда барлығы 20 мыңнан астам контейнер жөнелтілген.
Сондай-ақ портта
енді контейнердегі
жүктерді ауыстырып тиеуді дамыту үшін тамыз айында бірқатар заманауи техникалар
іске қосылады. Олар негізінен жүк көтергіштер мен порталдық крандар. Бұл құрылғыларды модернизациялау жүк тиеюді жеделдетіп,
өз кезегінде межелі нүктеге жеткізу уақытын қысқартады.
Қайрат Халиолла, «Ақтау теңіз сауда порты» ҰҚ» АҚ Көлік-логистика бөлімінің басшысы:
-Қытай
транзиттік контейнерлері - бұл
Қытайдан осы Ақтау порты арқылы Әзербайжанның Абшерон дейтін қалаға дейтін
тасымалданады. Сонымен қатар,
Грузияның Поти
Батуми порттарына, айта кететін болсақ, Абшеронға дейін барлық Қытайдан бастап
жеткізу уақыты 8-9 күнді құраса, Грузияны Поти, Батуми порттарына дейін 11
күнге дейін құрайды.
Айта кетейік, контейнерлердің басым бөлігі Транскаспий
халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалданады. Тегеурінді теңіз қақпасы
бүгінде Қытай-Қазақстан-Әзербайжан-Грузия-Түркия
бағытындағы транзиттік тасымалды дамытып отыр.