Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонның Рональд Рейган атындағы
Ұлттық әуежайы маңында болған ұшақ апатынан көптеген адамның қаза болуына
байланысты АҚШ Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы
Дональд Трампқа, қайтыс болған жандардың отбасыларына және қайғылы оқиғадан
зардап шеккен азаматтарға Қазақстан халқының және өзінің атынан көңіл айтты.
Авторы: Әсел Күшенғалиева

