Қ.Тоқаев: Ұлттық құрылтай отырысында қоғам үшін құнды ұсыныстар айтылды

Қ.Тоқаев: Ұлттық құрылтай отырысында қоғам үшін құнды ұсыныстар айтылды

Мемлекет басшысының атынан Ұлттық құрылтай қатысушыларына ауызашар берілді. Президент жиналған қауымды Әз-Наурыздың бастауы – Көрісу күнімен құттықтап, қасиетті Рамазан айында тұтқан оразалары қабыл болуына тілектестік білдірді. Сонымен қатар, Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысында көптеген салмақты ұсыныс айтылып, қоғамды толғандырып жүрген маңызды мәселелер көтерілгенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың қоғмды жаңғыртуда ерекше рөл атқарып келетінін атап өтті. Онда көтерілген бастамалар көптеген мәселені уақтылы шешуге ықпалын тигізуде. Президент бұл бағыттағы жұмыс жалғаса беретінін айтты. Мемлекет басшысы сөзін қорытындылай келе, ынтымағымызды нығайта түсу аса маңызды екенін еске салды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?