Қ.Тоқаев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Қ.Тоқаев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Қытайдың CNOOC компаниясы алғаш рет еліміздегі геологиялық барлау ісіне қаржы құяды. Сондай-ақ, Sinopec компаниясы да Қазақстанға қомақты инвестиция салуға ниетті. Бұл жөнінде ел Президентіне ҚазМұнайГаздың басқарма төрағасы Асхат Хасенов баяндады. Бұған қоса, Shell, Chevron, British Petroleum трансұлттық корпорациялары Атырау, Ақтөбе және Маңғыстау өңірлеріндегі учаскелерді жан-жақты зерттеуде. Биыл қолданыстағы кен орындарын қосымша барлау үшін жеті ұңғыманы бұрғылау жоспарланып отыр. Оның үшеуі бұрғыланды. Сонымен қатар, Әзірбайжан, Германия және Мажарстан бағытында мұнай тасымалдаудың қосымша бағыттарын дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде. Жалпы қара алтын тасымалдау көлемі 49 млн тоннаны құрады. Қасым-Жомарт Тоқаев геологиялық барлау және ірі инвестициялық бастамаларды іске асыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруды тапсырды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?