Мемлекет басшысы Ақмола облысының әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы Ақмола облысының әкімін қабылдады

Ақмола облысы елдің аграрлық секторының көшбасшысы ретіндегі орнын нығайтуға ниетті. Биыл өңірде өнімділігі өте жоғары, соның ішінде майлы дақылдар алқабы 2,5 есе ұлғайды. Осылайша, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемін 1,2 трлн теңгеге дейін жеткізу көзделіп отыр.  Мемлекет басшысына аймақ жетекшісі Марат Ахмеджанов өңірдің осы жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өркендету әлеуеті жөнінде баяндады. Қазақстан Президентіне инвестициялық жобаларды іске асыру жөнінде де мәлімет берілді. Облыста Aqmola индустриялық аймағы құрылып, жалпы құны 4 млрд доллардан асатын инвестициялық портфель жасақталды. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкіміне бірқатар нақты тапсырма берді. Оның ішінде егін жинау науқанын ұйымдастыру, сондай-ақ аймаққа инвестиция тарту жағына басымдық беру жүктелді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?