Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жоғарғы сот төрағасы сот жүйесі қызметінің былтырғы қорытындылары туралы мәлімет берді. Асламбек Мерғалиев хабарлағандай, елімізде соңғы 5 жылда сот төрелігін жүзеге асыру сапасының ең жоғары көрсеткішіне қол жеткізілді, яғни жергілікті соттардың сот актілерінің 98,9% заңды әрі негізі бар деп танылды. Азаматтық және әкімшілік істер бойынша сотқа дейінгі татуласу рәсімдерінің үлесі ұлғаюда, алқабилер қарайтын істердің саны екі есеге өсті. Мемлекет басшысы заң үстемдігін қамтамасыз етудің және қоғамның соттарға сенімін арттырудың маңызын атап өтті.
Авторы:
Әсел Күшенғалиева

