Өзбекстан ДСҰ-ға кіруге дайындалуда

Өзбекстан ДСҰ-ға кіруге дайындалуда

Өзбекстанда фитосанитариялық бақылаудың негізгі процестері цифрландырылды - карантинге алынған өнімнің экспорты мен импортынан бастап далалық мониторинг пен зиянкестермен күреске дейін қамтылған. «E-FitoUz» ақпараттық платформасы ePhyto Solutions халықаралық жүйесіне интеграцияланып, 100 астам елмен электрондық құжат айналымы қалыптасты. Осылайша, жүк жөнелтудің ашықтығын арттыру, жалған фитосанитариялық сертификаттарды анықтау және бақылаушы органдарды өнім тасымалы туралы алдын ала хабардар ету мүмкін болмақ. Шекара инфрақұрылымы да күшейтілуде. Ондаған шекара пункттері өсімдік өнімі карантиніне лайықталып жаңғыртылды. Бұған қоса, зертханалардың жұмысы халықаралық талаптарға сай келтірілді.


Дилафруз Арифханова, Өсімдіктерді қорғау және карантин агенттігі директорының кеңесшісі, Өзбекстан:


- Карантин жөнiндегi агенттiк шекаралық пункттердiң материалдық-техникалық базасын күшейтудi, қажеттi жабдықтармен жарақтандыруды көздейдi. Бүгінгі таңда өсімдіктер карантинінің 76 шекаралық пункті қайта жабдықталды. Сонымен қатар, шекара бекеттерінің 500-ден астам қызметкері халықаралық бағдарламалар аясында біліктіліктерін арттырды. Нәтижесінде, фитосанитариялық қадағалау уақыты қысқарды.


Әсіресе, экспортқа ерекше назар аударылады. Заманауи фитосанитариялық рәсімдеу өнімнің халықаралық талаптарға сәйкестігін алдын ала растауға және жөнелтілетін партияларды кері қайтару тәуекелін төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру дайындығы аясында аса маңызды. Сараптамалар Орталық фитосанитариялық зертханада жүргізіледі - ол халықаралық аккредитациядан өткен және заманауи үлгіде жабдықталған. Республика заңнамасына да бірқатар өзгерістер енгізілді. Айта кетейік, өткен жылы Өзбекстанның азық-түлік экспорты 3 миллиард доллардан асты. Өнім 83 елге жеткізілді.


Гайрат Ергашев, Өсімдіктерді қорғау және карантин агенттігінің жауапты қызметкері, Өзбекстан:

- Өзбекстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру процесіне фитосанитария саласындағы сарапшылар жұмылдырылып, олардың қатысуымен терминдер сөздігі және ұлттық заңнама қайта қаралды. Бұл Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдермен кәсіби диалог жүргізуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, халықаралық стандарттар «Өсімдіктер карантині туралы» заңға кіріктірілді. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?