МЭЕҰ Қазақстанда 2025 жылы мұнай және сұйық
көмірқышқыл өндірісі артады деген болжам жасап отыр. Ұйымның наурыз айындағы
баяндамасына сәйкес, бір күнгі өндіріс көрсеткіші 120 мың баррельге өсіп, 2 млн
100 баррельге дейін жетеді. Биылға келер болсақ, өндіріс көлемі – 1 млн 900
мың. Сарапшылардың пікірінше, өсім, бірінші кезекте, Теңіз мұнай кен орнындағы
өндірістің артуының арқасында болмақ. Жалпы, қаңтар айында Қазақстанда бір
күндік өндіріс күніне 1,6 млн баррельге жетті. Ол күнделікті өндіріс көлемінің
өткен жылдағымен қарағанда 15 мың баррельге өсуінің арқасында мүмкін болды. Ұйым
сарапшылары Қазақстан МЭЕҰ-пен келісілген межеден біршама көп мұнай өндіргенін
де жасырмады. Десе де, бұл әлемдік мұнай нарқын бір қалыпқа келтіруге
бағытталған. Енді еліміз мамыр айына дейін артық өндірістің орнын толтырады.
Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы бүкіл әлемде қара алтын тұтыну көлемі артады деп
болжам жасап отыр. Атап айтсақ, 2025 жылы әлем бойынша тәулігіне мұнайға деген
сұраныс 106 млн баррель болады деп күтілуде.