Қазақстан транзиттік әлеуетті арттыруға ден қойды. Еліміз трансқазақстандық
дәлізді дамыту үшін ірі инфроқұрылымдық жобаларды жүзеге асырып жатыр. Темір жол
құрылысы ресбубликаның солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында бірнеше бағытта
жүргізілуде. «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы ондағы жұмыстар жедел
қарқынмен жүріп жатқанын айтады. Бұл транзиттік ағындарды үзбеуге мүмкіндік
береді. Осылайша, бір айдың ішінде жұмыс режимінде ашылған Достық-Мойынты
екінші жолы бойынша 647 жүк және 235 контейнерлік пойыз өтті. Ал толық іске
қосылғаннан кейін желінің Аспан асты елінен тасымалданатын жүкті өткізу қабілеті тағы 5
есеге артпақ.
Марат Есқалиев, «ҚТЖ»
ҰК» АҚ құрылыс жөніндегі басқарушы директоры:
- Бүгінде 4 ірі
инфрақұрылымдық жоба белсенді түрде жүзеге асырылуда. 30 қыркүйекте ұзындығы
836 шақырым болатын «Достық-Мойынты» жобасы іске қосылды. Жыл соңына дейін
пайдалануға беру актісіне қол қойылады деп жоспарланып отыр. Екінші жоба - жергілікті Қазыбек би, Жетіген
станцияларының темір жол желісін салуды көздейді. Ол Алматы айналма желісінің негізгі
75 шақырым жолы мен 121 км стансалық жолды қамтиды. Онда да биыл жұмыс
қозғалысы аяқталады.
Бұл кешенді жобалар Қазақстанның транзиттiк тартымдылығын арттырып, елдiң
өнеркәсiп орталықтарын бір-бірімен байланыстыруға мүмкiндiк бередi. Мәселен,
«Дарбаза - Мақтаарал» жобасы оңтүстік аудандардың тікелей қатынасын қамтамасыз
етіп, Орталық Азияның транзитін дамытуға тың серпін бермек. Ал «Мойынты-Қызылжар»
желісін салу Қытаймен шекарадан Каспий теңізіне дейінгі жүк тасымалының уақытын
қысқартуды көздейді.
Марат Есқалиев, «ҚТЖ»
ҰК» АҚ құрылыс жөніндегі басқарушы директоры:
- Түркістан өңірінде қолға
алынған «Дарбаза-Мақтаарал» жобасының жалпы ұзындығы 152 шақырымды құрайды. Оны
2026-шы жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланған. Ол транзиттік дәліздің өткізу
қабілетін арттырады. Яғни, инфрақұрылымның жалпы жағдайын жақсартады. Жобаны
жүзеге асыру бұл темір жол желісі өтетін өңірлердің әлеуметтік-экономикалық
дамуына қосымша серпін береді.
Сонымен қатар, Бақты-Аягөз желісінің құрылысы
жүргізілуде. Ол елімізді Қытаймен байланыстыратын үшінші теміржол өткелі. Жоба халықаралық
дәліздің өткізу қабілетін жылына 28 млн тоннадан 48 млн тоннаға дейін, яғни екі
есеге жуық арттырады. Жалпы елімізде 3 жыл ішінде 5 мың шақырымға жуық жаңа темір
жол салу, сондай-ақ қолданыстағы 11 мың шақырым желіні жөндеу көзделген.

