Мәжілісте Түркістан қаласына ерекше мәртебе беретін заң мақұлданды

Мәжілісте Түркістан қаласына ерекше мәртебе беретін заң мақұлданды

Түркістан қаласында археология ескерткіштерінің резерваты құрылмақ. Бүгін Мәжіліс киелі шаһарға ерекше мәртебе беретін заң жобасын бірінші оқылымда  мақұлдады. Яғни, құжат Түркістанды елдің тарихи-мәдени орталығы ретінде қалыптастыруға және бірегейлігін сақтауға негіз болатын құқықтық шарттарды қамтиды. Осы құжат аясында қасиетті мекенде орналасқан көне ескерткіштер жаңғыртылады. Әлемдік мұра тізіміне енген Қожа Ахмет Яссауи  кесенесінің  маңында биіктігі жеті метрден асатын және оған сәйкес келмейтін нысандар салуға жол берілмейді. Шеберлердің шығындарын ішінара бюджеттен өтеу көзделуде. Сонымен қатар өңірде туристік нысандар салатын кәсіпкерлердің де шығынының бір бөлігі қазына есебінен жабылмақ. Зиярат құрушылар мен шартараптан жиһангездер ағынын еселеу жағы да басты назарда. Бұл ретте инфроқұрылымдық жобалар қолға алынбақшы. Жергілікті туристік қызмет мамандарын оқыту жоспарда бар.    

 

Нұрлан Байбазаров,  Ұлттық экономика министрі:

-Заң жобасын әзірлеуге Түркістан қаласынның Түркі меллекеттері ұйымы мен Түркі әлемінің рухани астанасы ретінде тануы, қаланың тарихи келбетін және оның аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтау қажеттілігі негіз болды. Заң жобасын әзірлеу барысында Англия, Италия, Өзбекстан, Әзербайжан және тағы да басқа  мемлекеттердің тарихи ескерткіштерін сақтап қалу тәжірибелері зерттелді. Сондай-ақ заң жобасын дайындау барысында министрліктің өкілдері Түркістан қаласының халқымен кездесулер ұйымдастырып, негізгі нормаларды қала тұрғындарымен ақылдаса отырып дайындады. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?