Маңғыстау
өңірінде бейнеу астық терминалын іске қосу жоспарланған. Оның қоймаларында бір мезгілде 100 мың тонна бидай сақтауға
болады. Сондай-ақ тәулігіне 400 тонна ұн үгуге қауқарлы. Бұған қоса, жаңа нысан жылына 25 мың тонна кебек өндіруге мүмкіндік береді.
Терминалдың жүк айналымы жылына 2 млн тоннаны құрауы мүмкін. Осының нәтижесінде,
өлкедегі үй жануарларын жеткілікті мөлшерде жеммен қамтамасыз етуге мүмкіндік
тумақ. Сонымен қатар мұнда өңделетін өнімді Өзбекстан, Тәжікстан және Ауғанстан елдеріне экспорттау көзделіп отыр. Мұнда қажетті өндірістік инфрақұрылым бар.
Ол өнімді әрі қарай тасымалдау үшін құрлықтағы тиеу қоймасы терминалының
функцияларын орындай алады. Бұл өңірге ғана емес, жалпы Қазақстанға да
мультипликативті экономикалық тиімділік береді деп күтілуде. Еске салайық, Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев терминалды қалпына келтірудің маңызын атап өткен.