Жетісу облысында жасанды интеллектінің көмегімен емделушілердің сараптама нәтижелерін талдау жүргізілуде. Бұл бірегей мүмкіндіктер ұсынатын отандық өнім «Дамумед» және «Жетісу» жүйелерімен интеграцияланған және қазірдің өзінде өңірдегі мемлекеттік медициналық мекемелердің 90%-ын қамтиды. Өткен жылы ғана жасанды интеллект арқылы 400 мыңнан астам адамның түсіріліміне талдау жасалды. Соның нәтижесінде 150-ден астам әйелде сүт безі обырын ерте кезеңде анықтау мүмкін болды. Ал «ақылды» телерадиология жүйесінің арқасында пациенттерге енді түсірілімдерді күтудің қажеті жоқ. Рентгенологиялық зерттеу, КТ және маммография деректерін дәрігерлер қашықтықтан алады және сол жерде қорытынды жасайды. Өз кезегінде, пациенттер дәрігердің пікірін онлайн жеке кабинеттеріне кіру арқылы көре алады.
Ержан Қалиев, Ақпараттық
жүйелерді енгізу және сүйемелдеу жобасының жетекшісі:
- Орталықтандырылған жүйені
енгізу саладағы мәселелердің бірі - әсіресе алыс өңірлерде
рентгенолог-дәрігерлер кадрларының тапшылығын шешуге мүмкіндік берді. Бұрын
түсірілімді сипаттау үшін дәрігер өңірлерге, аудандарға баратын. Немесе
пленканы бірнеше күн күтуге, кейде әсіресе түнде және демалыс күндері
ауруханаға шұғыл келуге мәжбүр болатын. Бүгінде қорғалған VPN арқылы дәрігер
жүйеге интернет қолжетімді кез келген жерден қосылып, суреттерді қарап,
сипаттап, қорытындыны медициналық ұйымға жібере алады.

