Президент Маңғыстау облысы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін марапаттады

Президент Маңғыстау облысы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстауға сапары кезінде аймақтағы құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесті. Мемлекет басшысы олардың ел ішіндегі тұрақтылық пен тыныштықты сақтауға зор үлес қосып келе жатқанын атап өтті. Президент қызметкерлерге қауіп-қатерге қарамастан, барлық жүктелген міндетті абыроймен атқарып жүргендеріне айрықша тоқталды. Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін офицерлер мен сержанттарға II дәрежелі «Айбын» ордені, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдары тапсырылды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?