Түркістанда Орталық Азияда теңдесі жоқ ескек есу арнасы ашылды

Түркістанда Орталық Азияда теңдесі жоқ ескек есу арнасы ашылды

Түркістанда ескек есу арнасы ашылды. Халықаралық талаптарға толықтай сай жабдықталған спорт кешенінің Орталық Азияда баламасы жоқ. Бірегей нысан осы спорт түрін дамыту орталығына айналмақ. Мұнда  академиялық, байдарка мен каноэда есу спорт түрлерімен айналысу мүмкіндігі жасалған. Кешенде азиялық және әлемдік деңгейдегі жарыстарды ұйымдастыруға болады. Сондай-ақ, арнаны Түркістан қаласының ирригациялық жүйесіне және жасыл белдеуді суаруға қолдану көзделіп отыр. Айта кетейік, жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асырылды.

Ербол Мырзабосынов, ҚР Туризм және спорт министрі:

– Қазір елімізде осы спорт түрінен 6 мыңнан астам адам айналысады. Ұлттық құрамада 300-ден астам спортшы бар. Олар ел намысын әлем аренасында лайықты қорғап жүр. Жаңа арна олардың жемістерін көбейтіп, жаңа табыстарға, жемістерге жол ашады деп сенемін. Бұл нысан кәсіби спортшыларға ғана емес, барша тұрғындарға арналған.

Нұралхан Көшеров, Түркістан облысының әкімі:

– Бұл спорт кешені Түркістанға ғана емес, тұтас қазақ елінін абыройын көтереді. Ескек есу каналының өңір спорты дамуына серпін беріп қана қоймай, Түркістанның туристік әлеуетін артыруына зор үлесін қосуда.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?