Қазақстан азаматтығын ауыстырғысы келетіндер саны 22 есе азайды

Қазақстан азаматтығын ауыстырғысы келетіндер саны 22 есе азайды

Қазақстанда соңғы алты жылда азаматтығын ауыстырғысы келетіндер саны 22 есе азайды. Мұндай үрдісті Қазақстан Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия отырысында Мемлекеттік кеңесші атап өтті. Ерлан Қаринның айтуынша, бұл Қазақстан азаматтығы институтының беделі артып келе жатқанын және тұрғындардың ел болашағына деген сенімінің нығая түскенін көрсетеді.

Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі:

- Жалпы, соңғы жылдары Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтінішхаттың төмендеуімен байланысты оң динамика байқалады. Егер 2019 жылы 1700 адам, 2020, 2021, 2022, 2023 жылдары жыл сайын 100-ден астам адам азаматтықтан шығу туралы хабарлаған. Ал өткен жылы 77 жағдай тіркелді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?