Мәжіліс ЖЭК дамытуға қатысты заңды қабылдады

«Жасыл» экономикаға көшу – тұрақты дамудың кепілі. Мәжіліс баламалы қуат көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша заңды қабылдады. Енді Қазақстанда нетто-тұтынушылар - бұл шағын және орта бизнес, шаруа қожалықтары, жеке үйлер электр энергиясын беру қызметтеріне ақы төлеуден босатылады. Заң аясында «жаңартылған энергия көздерін пайдалану жөніндегі шағын ауқымды объект» деген термин енгізілді. Бұл ұғымға сай олардың ең жоғары қуаты 200 кВт дейін ұлғайтылды. Бұған дейін  оның шекті мөлшері бұдан екі есе аз болған. Бұл түзету бөлшек тұтынушыларға осындай кішігірім нысанының есебінен электр энергиясына деген өз мұқтажын барынша қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар қазақстандықтар артылған электр энергиясын саудаға шығара алады. Өз кезегінде энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, бірінші кезекте су электр станцияларынан оны сатып алулары керек. Құжатта тараптардың өзара үлгілік шарт жасасу міндеті бекітілді. Халық қалаулылары ұсынылған басқа да бірқатар түзетулер құпталды.

 

Бауыржан Смағұлов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың жиынтық қуаты 10 мегаваттан аспайтын, 2023 жылғы 1 шілдеге дейін пайдалануға берілген су электр станциясынан электр энергиясын басымдықпен сатып алуды жүзеге асыру; газ баламалы отын түрі ретінде пайдаланылатын, жылу беру объектілеріне инвестицияларды іске қосу, реттеу жұмыстарына көзделген генерациялайтын қондырғыларды жаңғыртуға, реконструкциялауға жасалатын инвестициялық келісімдерді кеңейту; жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласында мемлекеттік реттеу