Қызылордада 23-і көкпардан Қазақстан чемпионаты жалауын желбіретті. Онда 15 өңірден келген 300-ге жуық шабандоз қатысуда. Бірінші күні командалар топтық кезеңде бақ сынасты. Алдағы уақытта іріктеліп шыққан командалар жарыс жолын жалғастырады. Турнирдің финалдық кезеңі 29 сәуірде өтеді. Дәл сол күні жеңімпаздар белгілі болмақ. Айта кетейік, бұл сайысты 5-і Дүниежүзіік көшпенділер ойындары алдындағы іріктеу жарысы деп атауға да болады. 100-ден астам елдің спортшыларының басын қосатын дүбірлі дода Астанада қыркүйек айында өтетінін айта кеткен жөн.
Ырыскелді Байтасов, Қостанай облысы көкпар құрамасының бас бапкері:
– Сол жақтан өзіміздің дайындығымызды біршама өткіздік. Залдан сбордан өттік. Аттарымызды былтыр да көрген боларсыздар. Іріктеліп, балалар шауып жатыр. Балалар жақсы. Осында бірінші орын аламыз деген жақсы мақсаттамыз.