Қазақстанда өндірістік бақылау стандарттары күшейтіледі

Қазақстанда өндірістік бақылау стандарттары күшейтіледі

Қазақстанда өнеркәсіптік қауіпсіздік нысандары паспорттарын жасауға, апаттарды есепке алуды және басқа да үрдістерді автоматтандыруға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе іске қосылады. Бұл жөнінде Үкіметте Президенттің қауіпті өндірістердегі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша жұмыс кеңесінде белгілі болды. Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы аясында нысандарды цифрландыруды ескеріп, нормативтік-құқықтық актілер қайта қаралады. Өндірістік бақылау стандарттары күшейтіліп, апаттық-құтқару қызметтеріне қойылатын талаптар қатаңдатылады. Өндірістік нысандардың иелеріне жабдықтарды жаңарту және жаңғырту бойынша жаңа міндеттер көзделген.  

Авторы: Жеңіс Ермұқанов 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?