Жасанды интеллект туралы алғашқы тележоба. 3 қарашадан бастап Жібек жолы
арнасында AI-ҰСТАЗ эфирге шығады. Ол әлемдегі танымал нейрожелілер мен отандық
IT-жаңалықтарды жеткізеді. Сондай-ақ, жасанды интеллекті әр салада қалай
қолдану керегін тәптіштеп түсіндіреді. Осылайша көрермендерге жаңа дағдыларды,
заманауи технология мүмкіндіктерін көрсетеді.
Тілек Каналин, «Ai-Ұстаз» жобасының бас продюсері:
- Информатика пәнінің мұғалімдеріне, жас мамандарға және оқушыларға арналған жоба. Онымен қалай қолдану көрсетеміз, нұсқалары мен мысалдары мен нәтижелерді көрсетеміз. Қателіктер болса, оны қалай дұрыстау, өзгерту, ерскертпелерді, промттерді қалай енгізу,сол туралы көрсетеміз.

