Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық электр байланысы одағының бас хатшысы Дорин
Богдан-Мартинмен кездесуде өзара цифрлық және телекоммуникациялық технологиялар
бағытындағы ынтымақтастық әлеуетін талқылады. Қазақстан Президенті заманауи
цифрлық экожүйе мен дамыған инфрақұрылым қалыптастыру мәселесіне айрықша мән
берді. Осы орайда Қазақстанның OneWeb, Starlink, Amazon және Kuiper сияқты
төмен орбиталы жер серіктері жүйесі жобаларына белсенді түрде қатысатынын атап
өтті. Дорин Богдан-Мартин еліміздің цифрлық индустрияны дамытуға және жасанды
интеллектті енгізуге бағытталған күш-жігеріне жоғары баға берді.

