Қазақстан Президентінің Вашингтонға сапары әлемдік БАҚ назарында

Қазақстан Президентінің Вашингтонға сапары әлемдік БАҚ назарында

Қазақстан Президентінің Вашингтонға сапары жетекші әлемдік БАҚ-тың кең назарын аудартты. Беделді басылымдар мен телеарналар Қазақстанның Авраам келісімдеріне қосылуына ерекше тоқталған. Мәселен, CNN бұны тарихи шешім деп атады. Мақалада АҚШ Президентінің осыған қатысты пікірі келтірілген. Ол екінші президенттік мерзімі кезінде Авраам келісімдеріне қосылған алғашқы ел – Қазақстан болғанын және бұл халықаралық серіктестіктің жаңа кезеңінің бастауы, - деп атап өтті.

Сондай-ақ, Associated Press ақпарат агенттігі АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстанның Авраам келісімдеріне қосылуын «бүкіл әлем бойынша көпір салудағы маңызды қадам» деп атағанын атап өтті. Басылым еліміздің бастамаға қатысуының маңызына ерекше тоқталып өтіп, оның сауда байланыстары мен ынтымақтастықты күшейтуге мүмкіндік беретінін жазған. 

Reuters өз мақаласында Қазақстан АҚШ-тың Орталық Азиядағы негізгі серіктесі екенін сипаттап, көшбасшылар келіссөздерінің энергетикалық ынтымақтастықты қамтығанын жеткізді.

Түркияның Anadolu ақпараттық агенттігі де Құрама Штаттардың Орталық Азия аймағының энергетикалық әлеуетіне қызығушылығы туралы жазған. Мақалада АҚШ Президентінің өңір елдерімен, оның ішінде маңызды пайдалы қазбалар мен сауда саласындағы ынтымақтастықты тереңдету ниеті туралы айтқан сөздері келтіріледі.

Сонымен қатар, Қазақстан президентінің сапары туралы The New York Times, Вашингтон пост, Aljazeera, France 24, Foxnews, Deutsche Welle, indianexpress секілді жаһанның ірі ақпарат агенттіктері жазған.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?