Қазақстанда базалық мөлшерлеме төмендетіле ме? Бұл сұраққа Ұлттық банк басшысы жауап берді. Ғалымжан Пірматовтың айтуынша, қазір бұған негізді себеп жоқ.
«Ұлттық Банк орта мерзімді нысаналы бағдарлардан болжанатын инфляция траекториясының алшақтығын қысқарту үшін барлық қажетті шараны қабылдап отыр, инфляциялық таргеттеудің мәні де осында. Әзірге біз ставканы төмендетуге себеп көріп отырған жоқпыз. Мөлшерлеме 2024 жылдың аяғында таргеттелетін диапазонға жақындайтын траекторияға сәйкес инфляция деңгейі азайған жағдайда төмендейді», деді Ұлттық банк төрағасы республикалық басылымға берген сұқбатында.
Айта кетейік, Қазақстанның Ұлттық банкі маусымның басында базалық мөлшерлемені 14 пайыз деңгейінде қалдыру туралы шешім қабылдаған болатын.