Азия даму банкі Қазақстанның экономикалық өсіміне қатысты өз болжамын жақсартты. Оған сәйкес еліміздің биылғы ЖІӨ қыркүйектегі есеп бойынша 4% емес, 4,5% жеделдейді. Ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 4,3% құрамақ. Халықаралық қаржы институты Қазақстан мен Орталық Азия және Кавказ елдері үшін экономикалық тәуекелдердің қатарында АҚШ пен басқа да дамыған елдердегі жоғары пайыздық мөлшерлемелерді атап өтті. Бұл дамушы нарықтардан инвесторларды тартып, олардың ұлттық валюталарына қысым жасайды. Геосаяси жағдайларға байланысты әлемдегі тұрақты жеткізілімдер тізбегі үзіледі. Еске сала кетейік, қазан айында Халықаралық валюта қоры да Қазақстан экономикасы 4,6% өседі деген болжам жасаған болатын.