Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,5%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. Шара 2023 жылы инфляциялық процестер мен болжамдарды тұрақтандыруға және баяулатуға, сондай-ақ инфляцияны орта мерзімді перспективада нысаналы көрсеткішке жақындатуға бағытталған.
«Тиісінше, өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 15,5%, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме – 13,5% болады», - делінген Ұлттық банктың хабарламасында.
Айта кетейік, жыл басынан бері Ұлттық банк базалық мөлшерлемені осымен төртінші рет көтерді. Бұған дейін 24 қаңтарда жылдық мөлшерлеме 10,25 процентке, 24 ақпаннан - 13,5, ал 25 сәуірден бастап 14.0 процентке жеткен.