Әлемнің азық-түлік жүйесі заман талабына сай өзгерістерді қажет етеді. Яғни,
климаттың өзгеруіне байланысты жаһандық сын-қатерлерге тек осылай жауап беруге
болады. Жаңа жобалар ауыл шаруашылығы саласына озық үлгідегі технологияларды
ендіру, көлік-логистикасын дамыту және өткізу нарықтарын кеңейту бағытындағы тың
цифрлық шешімдерді қамтуы тиіс. Агронімдердің санымен қатар сапасына көңіл
бөлген абзал. Бұл бағытта Қазақстанның әлеуеті зор. Еліміз ауыл шаруашылығы
өнімдерінің әлемдік жеткізушісі бола алады. Астана Халықаралық форумында БҰҰ
азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының бас экономисі Максимо Тореро осындай
пікірімен бөлісті.
Максимо Тореро, БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының
бас экономисі:
- «Бүгінде басты жаһандық сын-қатер ол климаттың өзгеруі. Оған төтеп беру
үшін ауа райына тез бейімделетін, әсіресе осы өңірдің суығына төзімділігі
жоғары тұқым түрлерін егу керек. Сондықтан осындай өзекті әрі көпшілікке ортақ мәселелердің
шешімін табу үшін аймақтың және халықаралық сарапшылардың басын қосып,
тәжірибелері мен білімдерін кәдеге
жарату керек. Бұл ең алдымен су ресурстарына қатысты. Бүгін сессиялардың бірі
осы тақырыпқа арналады.
Сондықтан мемлекеттер ашық диалог құру арқылы ортақ шешімдерді іздеуде
жұмылуы тиіс. Сарапшылар Астана халықаралық форумы тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасайтын
бірегей алаң екенін айтады. Мұнда аса өзекті жаһандық мәселелерді шешудің
жолдары талқыланады. Күрделі бастамалар көтеріліп, тиімді ұсыныстар айтылады.
Андрей Михнев, Дүниежүзілік
банктің Қазақстандағы Және Түрікменстандағы тұрақты өкілі:
- «Біз қазір елдер
арасында экономикалық қарым-қатынастардың қайта қарастырылып, жаңаша дамып
жатқанын көріп отырмыз. Әсіресе Орталық Азия өңірінің интеграциялық үрдістері қарқын
алып келеді. Әлемдік көшбасшылар Қазақстанды азық-түлік қауіпсіздігі бойынша
жетекші орын алатын елдердің бірі деп таниды».

