Мәжіліс төрағасы Волгоградта Жеңістің 80 жылдығына арналған халықаралық форумда сөз сөйледі

Мәжіліс төрағасы Волгоградта Жеңістің 80 жылдығына арналған халықаралық форумда сөз сөйледі

Мәжіліс төрағасы Волгоградта Жеңістің 80 жылдығына арналған халықаралық форумда сөз сөйледі. Ерлан Қошанов айтулы датаға орай Қазақстан бойынша екі мыңға жуық еске алу, ғылыми-зерттеу, ағартушылық және басқа да іс шаралар өткізілетінін айтты. Соның бірі - Астанадағы әскери парад. Мәжіліс төрағасы майданға 1 млн 700 мыңнан астам қазақстандық аттанғанын айтты. Бұл сол кездегі республика халқының төрттен бір бөлігі болатын. Олардың жартысынан астамы ұрыс алаңынан оралмады. 500 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды, 100-ден астамы Даңқ орденінің толық кавалері болды. Ал төртеуі екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. 

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті мәжілісінің төрағасы: 

- Біз осынау қасиетті жерде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында жиналып отырмыз. Бұл Жеңіс - дүниежүзілік маңызы зор тарихи оқиға. Соғысты, қаһармандарды, олардың ерлігін мәңгі есте сақтау - біздің қасиетті борышымыз. Осыған орай, Қасым-Жомарт Тоқаевтың мына сөзін айтқым  келеді: «Қазақстан әрқашан тарихи шындықтың және адамзат жылнамасындағы ең қанды қасап туралы шынайы көзқарастың сақталғанын қалайды». 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?