Бүгін – Димаш Құдайбергеннің туған күні

Бүгін – Димаш Құдайбергеннің туған күні

Бүгін біртуар талант иесі, әлемдік деңгейде танымал әнші, композитор Димаш Құдайбергеннің туған күні. Мерейлі датаға орай әлемнің 21 елінен  әншінің жанкүйерлері жүрекжарды құттықтауларын жолдады. Қазақстанның туын ұстап, ұлттық киімін киген олар қазақ тілінде ән шырқап, «Қамажай» биін билеген.

Айта кетейік, Димаш 2017 жылы аспан асты елінде «I’am singer» жобасында ерекше даусымен дүйім жұртты аузына қаратқан болатын. Қаршадай қазақ баласы Ұлы дала елінің өнері мен мәдениетін төрткүл дүниеге паш етіп, миллиардтаған халықты мойындатты. Бүгінде қазақ тілін үйреніп, әншінің туған еліне саяхаттауға ықыласты жанкүйерлер саны жылдан жылға көбейіп келеді.

Ал Димаш орда бұзар жасын тыңдармандарымен бірге атап өтпек. Ол Ыстамбұлда өзінің жеке концертін береді.  

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?