Еуропалықтарға түркі әлемінің мәдени астанасының тарихы, салт-дәстүрлері, көрікті жерлері, музыкасы мен тағамдары ұсынылды. Сондай-ақ іс-шара барысында «Түрік әлемінің 2020 жылғы мәдени астанасы Хиуадан алған әсерлер» атты көрменің ашылу салтанаты да өтті. Мұнда көрермен назарына Өзбекстанның ежелгі қаласының фотосуреттері ұсынылды.
Дүйсен Қасейінов, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы:
- Осы қалалардың жақындасуы, бір-бірімен танысуы, туристерді көбейту, мәдени байланысты нығайту – ең басты мақсат. Осы мақсатты, міне, бүгінгі конференцияда депутаттар да, өзіміз де айтып жатырмыз. Бұл іс-шараларды 2022 жылы да бәрінің басын қосып, бірлікте жасаймыз. Түркістан түркі дүниесінің рухани бас қаласы болып аталды. Сондықтан мен осы ЕО депутаттарына Түркістан күндерін осы Еуропа төрінде өткізуге ұсыныс білдірдім.
Мәдени іс-шаралар барысында 2022 жылы Түркі әлемінің келесі мәдени астанасы Бурса қаласы болатыны жарияланды.