20 қыркүйекте Silk Way Star Халықаралық вокалдық байқауының тұсаукесері өтеді

20 қыркүйекте Silk Way Star Халықаралық вокалдық байқауының тұсаукесері өтеді

Алдағы сенбі, яғни 20-шы қыркүйекте Silk Way Star халықаралық вокалдық байқауының тұсаукесері өтеді. Шоудың барлық эпизодтары Jibek Joly/Silk Way арнасында және қатысушы елдердің телеарналарында көрсетіледі. Оның аудиториясы 1 млрд астам көрерменге жетеді деп күтілуде. Айта кетейік, жоба эфирде қазақ, қытай және ағылшын тілдерінде жарық көреді. Бұдан басқа, көрермендер шоуды TV + арқылы онлайн көре алады. Бұл стримингтік платформада жоба жоғары сапада қолжетімді болады. TV + 10G аса жоғары жылдамдықтағы интернеттің жаңа буынына қосылған.


Айгүл Есімова, «Қазақтелеком» АҚ жетекші маманы:


- Қазір TV + жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз етілген.  Ондағы бағдарламаның бәрін біз бұрыннан бері ұсынып келеміз. Сондықтан  аса жоғары сапада  жүктеп алуға болады. Осы 64 жабдық 10G интернеттің жылдамдығымен бір уақытта қосыла алады.

TV + платформасында Silk Way Star жобасының барлық шығарылымдарын тікелей эфирден кейін, қалаған уақытта және кез келген құрылғыдан көруге болады. Қосымшада жаңа эпизодтардың тұсаукесерлері жарияланады. Айта кетейік, вокалдық байқау Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Грузия, Қытай, Қырғызстан, Малайзия, Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Оңтүстік Корея сынды 12 ел әншілерінің басын қосты. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?