Бұл туралы еліміздің Қорғаныс министрлігінің Алматыдағы Бітімгершілік операциялар орталығы базасында өткен бірінші өңірлік дөңгелек үстелде айтылды. Сонымен қатар, қатысушылар халықаралық гуманитарлық құқық және бітімгерліктің гендерлік аспектілері мәселелерін қарастырды. Сондай-ақ, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ең беделді және әмбебап халықаралық ұйым ретінде БҰҰ ықпалын нығайтудағы Орталық Азия мемлекеттерінің рөлі талқыланды. Айта кетейік, шара Халықаралық бітімгерлер күніне орайластырылды.
Бауыржан Нығметуллин, ҚР ҚМ Бітімгершілік операциялар орталығының басшысы:
-Бұл миссияның басты мақсаты - тәжірибе алмасу. Біз бітімгерлік операциясына дайындық пен тіл үйрету жүйесін ұйымдастыру бойынша тәжірибемізбен бөліскіміз келеді. Контингентті жіберу стратегиялық маңызға ие. Біз Орталық Азия елдерінің бітімгерлік әлеуетін күшейту аясында БҰҰ миссиялары үшін сарапшыларды дайындауда және бірлескен бастамаларды іске асыруда күш-жігерімізді біріктіре аламыз. Тәжірибе мен білім, тату көршілік пен өзара түсіністікпен бөлісу маңызды деп санаймыз. Бұл біздің ұзақ мерзімді ынтымақтастығымыздың кілті боларына сенімдімін.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорктегі бас кеңсесінің Бітімгерлік операциялар департаментінің өкілі Герберт Лорэт Қазақстанның бітімгерлік операцияларға қатысу үшін өз контингенттерін жіберетін елдермен өзара іс-қимыл жасаудағы қызметін оң бағалады.
Герберт Лорэт, БҰҰ Нью-Йорктегі бас кеңсесінің Бітімгерлік операциялар департаментінің
өкілі:
-Қазақстан Республикасы бітімгершілік операцияларына қатысушы елдермен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық орнату жөнінде үлкен жұмыс жүргізуде. Қазақстандық мамандар бітімгерлік операцияларға түрлі елдердің өкілдерімен бірге қатысады. Біз Орталық Азия аймағының барлық елдері Қазақстанның бітімгерлік операцияларға қатысудағы мүмкіндіктерін пайдалана алса деймін.
Айта кету керек,
Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік операцияларына қатысу көкжиегін үнемі кеңейтіп
келеді. Он алты жыл ішінде 600-ден астам отандық әскери қызметші Біріккен
Ұлттар Ұйымының Азия, Таяу Шығыс және Африка елдеріндегі жеті миссиясына
қатысты. Бүгін Голан биіктігінде 139 қазақстандық әскери қызметшілерден тұратын
алғашқы дербес бітімгерлік контингенті ашылды. Бұл - Қазақстан мен БҰҰ
бітімгерлік қызметі жолындағы тарихи қадам.