Қазақстан 3 мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатын арттыруға ниетті. Осы аса ауқымды жобаларды іске асыру нәтижесінде жалпы өңдеу көлемі жылына 10 млн астам тоннаға ұлғаймақ. Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі отын-энергетика кешенінің жағдайы, негізгі жобаларды жүзеге асыру барысы және секторды одан әрі дамыту жоспары жөнінде есеп берілді. Ерлан Ақкенженов Президентке биыл Алматыда екінші жылу электр орталығының, сондай-ақ Қызылорда мен Түркістан облыстарында бу-газ қондырғылары базасында электр станциясының құрылысы аяқталатыны туралы ақпарат ұсынды. Бұдан бөлек, «Көмір өндіруді дамыту» ұлттық жобасының әзірлену барысы жөнінде мәлімет берілді. Кездесу соңында Президент секторды одан әрі дамыту жәнецифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологияларын белсенді түрде енгізу бойынша бірқатар тапсырма берді.

