Қазақстан мен Швейцария ынтымақтастық аясын кеңейтуге ниетті

Қазақстан мен Швейцария ынтымақтастық аясын кеңейтуге ниетті

Ақордада Қазақстан Президенті Швейцария вице-президенті Ги Пармеланмен келіссөз жүргізді. Қасым-Жомарт Тоқаев оның Астанаға сапары екіжақты күн тәртібіне тың серпін беріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын жеткізді. Мемлекет басшысы Қазақстан Швейцарияны Еуропадағы маңызды саяси және экономикалық серіктес, сондай-ақ 2005 жылдан бері елімізге 36 млрд долларға жуық қаржы құйған ірі инвесторлардың бірі ретінде қарастыратынын айтты.

Президент елімізде шамамен 400 швейцариялық компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істейтініне тоқталды. Өз кезегінде Ги Пармелан Швейцарияның саяси диалогты нығайтуға, инвестициялық жобаларды кеңейтуге және экономиканың негізгі секторларында бірлескен бастамаларды ілгерілетуге ниетті екенін растады.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?