Мәжіліс 2024 жылғы жұмысын қорытындылады

Мәжіліс 2024 жылғы жұмысын қорытындылады

Ел Мәжілісі де жылды қорытындылады. Палата спикері заң шығару қызметі үшін биыл нәтижелі болғанын атап өтті. Ерлан Қошанов жыл басынан бері Мемлекет басшысының Жолдауларында, Сайлауалды бағдарламасында, Ұлттық құрылтайда берілген тапсырмаларын орындау үшін бірқатар маңызды заң қабылданғанын тілге тиек етті. Осы сессия басталғалы мәжілісмендердің қарауында 106 заң жобасы түскен. Оның ішінде 37 қабылданып, 19 Президент қол қойды. 

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті мәжілісінің төрағасы: 

- Жалпы алғанда, депутаттар тарапынан биыл елеулі жұмыс атқарылды. Келер жылы да осы қарқынды сақтауымыз қажет. Ең бастысы, халқымыздың әл-ауқатын арттыру және Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуы әрдайым басты назарда болуға тиіс. Жуырда біз өңірлерге іс-сапарға шығамыз. Басты мақсат – жергілікті жерлердегі сайлаушыларға қабылданған заңдардың мән-маңызын, істеліп жатқан жұмыстардың жай-жапсарын жеткізу. Сонымен бірге, олардың өңірлерде қалай жүзеге асырылып жатқанына көз жеткізіп қайтуымыз керек. 

Авторы: Жеңіс Ермұқанов.  

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?