9 тамыз Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI консультативтік кеңесі мен «Орталық Азия + Жапония» Диалогының алғашқы саммиті өтеді. Осы шаралардың алдында «ЕгеменҚазақстан» газетінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Орталық Азияның ренессансы: тұрақты даму мен өркендеу жолында» атты мақаласы жарық көрді. Онда мемлекет басшысы алдағы он жыл аймақтың болашағын айқындайтын кезең болатынын атап өтті.
Сонымен қатар, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстанмен стратегиялық әріптестік пен одақтастықтың дәйекті түрде кеңейі келе жатқанына ерекше тоқталды. «ОА плюс» форматындағы жаңа диалог орындарының пайда болуы Орталық Азияның халықаралық саясат субъектісі ретіндегі саяси салмағы арта түскенін аңғартады. Қасым-Жомарт Тоқаев осы аумақтың дамуына қажетті бірнеше бағытты айқындады, олар: бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау, экономикалық әлеуетті одан ары қарай пайдалану, көлік-логистикалық пен транзиттік мүмкіндіктерді пайдалану.
Сондай-ақ, су, энергетикалық, азық-түлік қауіпсіздігі мен ең басты ресурс – өңіржастарының зияткерлік әлеуетін бір сәтке де ұмытуға болмайтыны туралы жазылды.